Балалардың қауіпсіз жазғы демалыстарына қатысты ұсынымдар  

Балалардың қауіпсіз жазғы демалыстарына қатысты ұсынымдар   

Көптен күткен жазғы демалыс келді және әр ата-ананың алдында балалардың демалысын ұйымдастыру мәселесі туындайды.

Әрине, балалар демалысын әр түрлі жолмен ұйымдастыруға болады: баланы қала сыртындағы немесе мектеп жанындағы балалар лагеріне жіберуге, отбасыңызбен саяжайға, табиғатқа немесе қала сыртына саяхаттауға шығуға және демалуға болады.

Қалай болғанда да, жазғы демалыстың толық және қауіпсіз болуы ата-аналардың дайындығына байланысты болмақ. 

Егер баланы қала сыртындағы лагерьге жіберу туралы шешім қабылдаған болса, онда сол балалар сауықтыру ұйымының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы туралы қорытындысы бар екеніне көз жеткізуді ұсынамыз.

Алдағы уақытта, қорытындылар алған қала сыртындағы балалар лагерлерінің тізімімен Департаменттің интернет-ресурсында таныса аласыздар.

Баланы лагерьге сапарға дайындаған кезде онымен жеке гигиена ережелері, тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу туралы әңгіме жүргізіңіз.

Жазда қоршаған ортада ішек инфекцияларының қоздырғыштарының сақталуы және көбеюі үшін қолайлы жағдайлары орын алады, олар лас қол, сапасыз тағамдармен ағзаға енуі мүмкін.

 Сіз өнімдерді кездейсоқ адамдардан, күмәнді, рұқсат етілмеген жерлерде, көшелерде сатып алмауыңыз керек, өйткені жарамдылық мерзімі өткен, ішек және паразиттік инфекциялардың қоздырғыштарымен ластанған бүлінген өнімді сатып алу ықтималдығы жоғарылайды. Көшедегі жол бойындағы асханада немесе ашық кафеде тамақтанар алдында - қол жуу жағдайының болуына, объектінің санитариялық жағдайына назар аударыңыз.

Жазда "тамақтанар алдында және кейін, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды жуу" ережесі бұрынғыдан да маңызды болмақ!

Жазда ата-аналар баланы бақшадағы жидектермен, көкөністермен тамақтандыруға тырысады. Жуылмаған немесе дұрыс жуылған бақшада өскен көкөністер мен жемістер балада әртүрлі ішек инфекцияларының дамуына әкелуі мүмкін, сондықтан оларды қолданар алдында мұқият жууды ұмытпаңыз.

Сапарларда, жорықтарда балаларға өзімен бірге апаруға немесе лагерьге тез бұзылатын, оның ішінде үйде дайындалған тағамдарды, лимонадтарды, үлкен пакеттердегі шырындар мен нектарларды, консервілерді беруге болмайды. Азық-түлікті сақтаудың қажетті шарттары мен мерзімдерін сақтамау тамақтан улануға және ішектің жұқпалы ауруларына әкелуі мүмкін.

Жаздың ыстық күндерінде ересектер мен балалардың тоғанға, суға түсуге деген қызығушылығы түсінікті. Алайда, ластанған су өткір ішек инфекциялары, паразиттік инфекциялар, терінің саңырауқұлақ инфекцияларының өршуіне әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Осыған байланысты балаларға ұсынылмайтын немесе тыйым салынған су айдындарында шомылуға рұқсат бермеңіз.

Құрметті ата-аналар, жоғарыда келтірілген қарапайым ұсыныстарды орындау сізге және балаларыңызға жазғы демалысты жақсы өткізуге, тек жағымды естеліктер қалдыруға көмектеседі.

Есіңізде болсын: балаларды өзіңіз үлгі бола отырып тәрбиелеу қажет,  айтылған ұсыныстарды орындай отырып, балаларға қауіпсіз демалу ережелерін түсіндіруіңіз керек.

 

                                                    

 

 

Әулиекөл аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқарамасының жетекші маманы А.Т. Рысалдина