«Qamqor»
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті 2024 жылғы тамызда кәсіпкерлеріне арналған «Qamqor»мобильді қосымшада техникалық жаңартулар жүргізілгенін, одан кейін қосымша «App store» маркетплейсі арқылы жалпы қолжетімділікте жүктеу үшін орналастырылғанын хабарлайды.
Бизнес-қоғамдастық үшін «Qamqor» мобильді қосымшасында алдағы
тіркелген тексеру туралы PUSH-хабарламалар, тексерулер жүргізу мерзімдері, тексеру парақтарының сұрақтары мен талаптары туралы ақпарат іске асырылғанын атап өтеміз, олар нақты объектіде тексерілетін болады.