Бүгінгі таңда электр желілеріне қосылу процедурасы
Электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым көппәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.
Көппәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушылардың электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым кондоминиум объектісін басқару, МИБ, ПИТК органының уәкілетті өкіліне техникалық шарттар береді.
Техникалық шарттарды алу үшін қажетті құжаттар
Электр желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттар тұтынушыға электр энергиясын пайдалану қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру үшін еркін нысандағы өтініш және өтінішке сұрау парағы негізінде беріледі. Электр қондырғыларының белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары тұтынушылар сауалнама парағына жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді.
Техникалық шарттарды алу мерзімдері
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысанда өтініш алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын Электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді, сондай-ақ жасалған және қол қойылған электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тұтынушыны қосу схемасымен тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісімен бірге. Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезеңінде уақытша техникалық шарттар беріледі. Техникалық шарттарды беру энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылудың техникалық мүмкіндігі болған жағдайда жүзеге асырылады. Желілер немесе қосылудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық шарттар жобаланатын желілердің иесімен техникалық шарттар келісілгеннен кейін жобаланатын желілерден беріледі. Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін ақы алынбайды.
Егер тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспесе
Техникалық шарттарда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда тұтынушы энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптама жасау ұйымына жүгінеді. Сараптама жасау ұйымы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға жүгінген кезде тұтынушының өтініші бойынша энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым барлық сұратылған мәліметтерді ұсынады. Тұтынушы техникалық шарттарда көрсетілген талаптардың негізсіздігі туралы энергетикалық сараптаманың қорытындысы негізінде энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттарды алуға еркін нысанда өтінішті қайта береді.Техникалық шарттарда көрсетілген талаптарды өзгертуден қайта бас тартқан жағдайда тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның әрекеттеріне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымданады.
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімдерінің жүзеге асырылуын мемлекеттік бақылау
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі регламенттелетін электр энергиясын пайдалану ережелері сияқты нормативтік-құқықтық актілер бар. Қостанай облысы бойынша АЭҚБК департаменті Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуына бақылау жүргізеді. Бұдан басқа, «электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімі» Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ДЭФ ЖБИ) рейтингінің индикаторларының бірі болып табылады — жаһандық зерттеу және оған ілеспе 103 индикатордан құралатын экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингі, олар жалпыға қолжетімді статистикалық деректердің және компания басшыларының жаһандық сауалнамасының нәтижелері бойынша есептеледі. ДЭФ ЖБИ рейтингісінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту мақсатында, сондай-ақ осы рейтингтегі индикаторларды жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде:
- техникалық шарттарды беру және электрмен жабдықтау шартын жасасу бөлігінде Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы саласындағы заңнамасының орындалуына, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының сенімділігіне ай сайынғы мониторинг жүргізіледі;
— ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің елдегі кәсіпкерлік қызметті, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын жақсартуға және «электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы бөлігінде Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дегі позициясын жақсартуға бағытталған шаралар туралы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Энергия беруші (энергия өндіруші) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібі мен шарттарын бұзған жағдайда, қала және облыс тұрғындары (тұтынушылар) олардың әрекеттеріне Қостанай облысы бойынша АЭҚБК департаментінде шағымдана алады, ол: Қостанай қ., Гоголь к-сі, 75, 3 қабат, 320 кабинет, жұмыс телефоны 50-02-60