Аманқарағай ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында авариялық және қараусыз қалған ғимараттарды сүру және шығару жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауылдың келбетін көркейтуге бағытталған.
Таза әрі қауіпсіз орта – әрбір тұрғынның ортақ міндеті!