
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Аманқарағай ауылдық округінде Қостанай – Әулиекөл – Сұрған республикалық тас жолы бойындағы ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шара жол бойындағы аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға, ағаштарды зиянкестерден және күн күйігінен қорғауға, сондай-ақ округтің эстетикалық келбетін арттыруға бағытталған. Жұмыстар жүйелі түрде бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылуда #ТазаҚазақстан