
2026 жылғы 17–18 сәуір күндері «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза аула» экологиялық акциясы өтуде.
Аталған акция барысында Аманқарағай ауылының Школьная көшесінің тұрғыны өз ауласын абаттандыруға белсенді кірісіп, қоршауын сырлап, жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Бұл – әр тұрғынға үлгі боларлық іс.
Осындай қарапайым, бірақ маңызды бастамалар арқылы ауылымыз көркейіп, тазалығы арта түседі. Әрқайсымыз өз үйіміздің маңын ретке келтірсек, ортақ ортамыз да таза әрі жайлы болады.
👉 Баршаңызды осы игі іске белсенді қатысуға шақырамыз!
👉 Тазалық – әркімнің өз ауласынан басталады!
#ТазаҚазақстан #тазааула