
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Аманқарағай ауылында «Таза өлке» акциясы өтті.
Аталған акцияға «Айналайын» балабақшасының ұжымы белсенді қатысып, балабақша аумағы мен оған жақын орналасқан аумақтарды тазалау бойынша сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосып, аумақты қоқыстан тазартып, ауылдың көркеюіне атсалысты.
Таза ауыл – баршамыздың ортақ міндетіміз!
Барша тұрғындарды табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға шақырамыз.
#ТазаҚазақстан #ТазаӨлке #Аманқарағай