
Әрбір қала, әрбір ауыл, әрбір табиғат бұрышы көздің жауын алатын, жүрекке жылу беретіндей болуы тиіс. Тазалық – денсаулық кепілі, табиғатқа қамқорлық – болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз. «Таза Қазақстан» акциясы – бізді біріктіретін, жауапкершілікті арттыратын, ортақ мақсатқа жетуге шақыратын бастама. Бірге тазалайық, бірге көркейтейік, бірге жасайық! Әрқайсымыз өз үлесімізді қоссақ, Қазақстан гүлдене түседі. Еліміздің әсемдігін сақтау – баршамыздың қолымызда!
#тазаҚазақстан