МЭКС ұлттық жобасы: іске асыру сатысында 34 жоба бар

МЭКС ұлттық жобасы: іске асыру сатысында 34 жоба бар



Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен коммуналдық және энергетикалық секторларды жаңғырту ұлттық жобасының (МЭКС) жобалық кеңсесінің отырысы өтті. Қатысушылар жобаларды қаржыландыру, приборлау мен цифрлық шешімдерді енгізу, оның ішінде сумен жабдықтаудың пилоттық жобаларында баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Қазіргі уақытта МЭКС-тің расталған жобалары 974 млрд теңге сомасына қалыптастырылды. Іске асыру сатысында 34 жоба, 130 – EPC-мердігерлерді анықтау сатысында. Тағы 145 жоба іріктеудің түрлі кезеңдерінен өтуде. Ұлттық жобаны іске асыруға әкімдіктердің тартылу рейтингі қалыптастырылды. Жобалардың іске қосылуға дайындығы бойынша Алматы, Қарағанды және Алматы облыстары көшбасшы болды. Артта қалғандардың қатарында Маңғыстау облысы мен Ұлытау облысы бар.