
2025 жыл туристік сектордың тұрақты дамуын көрсетті. Өсім ішкі және келу туризмі бойынша, сондай-ақ орналастыру объектілері көрсететін қызметтер көлемі бойынша байқалады. 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша орналастыру орындарының қызметтерін пайдаланған ішкі туристер саны 6,7 млн адамды құрады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының м.а. Нұрбол Байжанов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, 2025 жылы елге 15,7 млн шетелдік турист келген. Бұл ретте еңбек мигранттары мен тұрақты тұрғылықты жеріне келген адамдар есепке алынбады.
Қазақстан әлемдік туристік рейтингте өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық индексінде Қазақстан 119 елдің ішінен 66-дан 52-орынға көтерілді. Бұл туристердің болуының ыңғайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және туристік объектілердің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмысты көрсетеді.