
«Taza Qazaqstan» – тазалық пен табиғатқа деген құрметті біріктіретін ортақ қозғалыс. Қоршаған ортаны таза ұстау – тек міндет емес, бұл болашаққа деген жауапкершілік. Әрбір азаматтың белсенді қатысуы, әрбір сенбілік пен әрбір игі іс – туған жеріміздің көркеюіне қосылған үлес. Табиғатты аялау арқылы біз өз денсаулығымызды, өмір сүру сапасын және келер ұрпақтың жарқын болашағын қорғаймыз. Бірлікпен атқарылған жұмыс үлкен нәтижеге жеткізеді. Таза ауладан басталған игі іс таза ауылға, таза қалаға, таза елге айналады. Бірге табиғатты қорғап, тазалық мәдениетін қалыптастырып, жасыл әрі көрікті Қазақстанды бірге құрайық! #тазаҚазақстан