Таза Қазақстан — денсаулықтың, берекенің және жарқын болашақтың кепілі.

Таза Қазақстан — денсаулықтың, берекенің және жарқын болашақтың кепілі.

Тазалық – мәдениеттің айнасы, ал табиғатты қорғау – болашаққа деген қамқорлық. «Taza Qazaqstan» бастамасы әр азаматты туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға үндейді. Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты аялау және ортақ іске белсенді қатысу – бірлігіміздің көрінісі. Бүгін жасалған әрбір игі іс, әр тазаланған аумақ – келешек ұрпаққа қалдырылған таза мұра. Бірге еңбек етіп, туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосайық, тазалықты күнделікті өмір салтымызға айналдырайық. Таза табиғат – денсаулықтың, берекенің және жарқын болашақтың кепілі. #тазаҚазақстан