
Хабарландыру
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент) келесіні хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 22.11.2025 жылғы № 330-НҚ бұйрығына сәйкес №343-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап кегтерде және бөтелкелерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарына міндетті таңбалау енгізілді. Банкалардағы сыраны таңбалау 2027 жылдың 1 ақпанынан бастап міндетті болады.
Осыған байланысты Департамент 20.02.2026 жылы өтетін тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінің бірыңғай операторымен түсіндірме кездесуге сыра мен сыра сусындарын өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бөлшек саудагерлерді шақырады.
Аталған семинарда жүйеде жұмыс істеу тәртібі жеткізіледі, сондай-ақ туындайтын мәселелер түсіндіріледі.
Өткізу уақыты мен орны туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.