
Таза Қазақстан — бұл ортақ ниет пен саналы әрекеттің нәтижесі. Қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады. Табиғатты аялау, жерімізді таза ұстау арқылы біз өз болашағымызды қорғаймыз. Бірлікпен атқарылған іс қашанда берекелі: көркейген көшелер, таза аулалар, жасыл аймақтар — соның айқын дәлелі. Қоғам болып жұмылғанда ғана үлкен өзгерістерге қол жеткіземіз. Бірге үлгі болып, бірге әрекет етіп, таза әрі жайлы Қазақстанды бірге құрайық. #тазаҚазақстан