Бруцеллёз — адам мен жануарларға ортақ, қауіпті жұқпалы ауру

Бруцеллёз — адам мен жануарларға ортақ, қауіпті жұқпалы ауру

Бруцеллёз — адам мен жануарларға ортақ, қауіпті жұқпалы ауру. Ауру көбіне ірі қара, қой-ешкі арқылы таралады және адам денсаулығына елеулі зиян келтіруі мүмкін.

Бруцеллёздің негізгі жұғу жолдары:
– шикі немесе жеткілікті өңделмеген сүт пен сүт өнімдерін тұтыну;
– ауру малмен тікелей байланыс;
– мал сою, төлдету кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолданбау.

Алдын алу шаралары:
✅ сүт пен ет өнімдерін міндетті түрде қайнатып, толық термиялық өңдеуден өткізу;
✅ малды уақтылы ветеринариялық тексеруден өткізу;
✅ малмен жұмыс істегенде қолғап, арнайы киім пайдалану;
✅ жеке гигиена ережелерін сақтау.

Өз денсаулығыңызды және жақындарыңызды қорғау — әр азаматтың жауапкершілігі. Сақтық шараларын сақтайық!