
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шахбаз Шарифпен келіссөздері екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген форматта жалғасты.
Елбасы Исламабадқа барып, Пәкістанның бай тарихымен, мәдени мұрасымен және ғасырлар бойғы дәстүрлерімен танысу үлкен мәртебе екенін атап өтті.
– Бұл менің Қазақстан Президенті ретіндегі алғашқы мемлекеттік сапарым, мен оның тарихи сипатқа ие екендігіне және біздің уақытпен тексерілген әріптестігіміздегі маңызды кезең екеніне сенімдімін. Мен Жібек жолы бойында және кең ислам өркениеті аясында ғасырлар бойы қалыптасқан халықтарымыздың достығын жоғары бағалаймын,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
🟦Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 34 жыл толуына орайластырылған бұл сапардың символдық мәнін атап өтті. Ол Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Пәкістан Оңтүстік Азиядағы маңызды және сенімді серіктес болып табылатынын еске салды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгін қол қойылған стратегиялық әріптестікті орнату туралы бірлескен декларация екіжақты ынтымақтастықтың жаңа тарауын аша отырып, маңызды тарихи кезеңді білдіреді.
Елбасы Астана мен Исламабадтың екіжақты байланыстарға елеулі серпін беру үшін барлық мүмкіндіктері бар екеніне сенім білдірді.
ЕО Мемлекет басшысы Пәкістанға өкілді делегациямен және сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ басқа да басым салалардағы өзара іс-қимылды айтарлықтай арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар пакетімен келгенін атап өтті.
🟦Кездесуде еліміздің басты басымдықтарының бірі болып табылатын көліктік өзара байланыс мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан Шығыс пен Батыс, сондай-ақ Солтүстік пен оңтүстік арасындағы негізгі көлік маршруттарының қиылысында орналасқан.
ЕО осыған байланысты, президенттің айтуынша, Қазақстан көлік және логистика саласындағы, оның ішінде Орталық Азия елдерімен тығыз үйлестірудегі нақты жобаларды іске асыруды жалғастырады.
Әли Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-Министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырып, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қорытындыларын шығару және екіжақты қатынастарды нығайту жөніндегі одан арғы қадамдарды айқындау үшін биылғы жылы жоғары қонақты қабылдауға дайын екендігін растады.
Кездесу барысында БҰҰ, ШЫҰ және басқаларын қоса алғанда, көпжақты алаңдар шеңберінде Қазақстан мен Пәкістанның тығыз өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтілді.
t.me/aqorda_resmi