2026 жылы Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы көтеріледі және олардың құқықтық қорғалуы күшейтіледі

2026 жылы Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы көтеріледі және олардың құқықтық қорғалуы күшейтіледі

 



Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі атынан пациентке бағдарлануға, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асырады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Президент тарапынан дәйекті қолдау саясатының арқасында денсаулық сақтау саласына мемлекеттік шығыстар соңғы жылдары үш есеге жуық өсіп, 2025 жылы 3 трлн теңгеге жетті. Бұл медициналық көмектің көлемін едәуір кеңейтуге, инфрақұрылымды ауқымды жаңғыртуға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жаңартуға мүмкіндік берді.

Республикалық маңызы бар Негізгі объектілер – Ұлттық онкологиялық орталық және Астанадағы шұғыл медицина орталығы, сондай-ақ Алматыдағы Ұлттық жұқпалы аурулар орталығы пайдалануға берілді.