Қостанай облысында мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуы байқалады.

Қостанай облысында мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуы байқалады.

 Бұл туралы брифингте Қостанай облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов мәлімдеді. Өсім шаруашылықтарды жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу және мемлекеттік қолдаудың арқасында қамтамасыз етіліп отыр.

2025 жылдың 1 қарашасындағы деректерге сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі түрлерінің саны артқан.

Он айдың қорытындысы бойынша облыста 53,4 мың тонна ет, 205,7 мың тонна сүт және 319 млн дана жұмыртқа өндірілді. Әсіресе сүт өндірісі 2024 жылмен салыстырғанда 9,4% өскені атап өтілді.

Өңірде 17 ірі сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді, сондай-ақ етті бағыттағы мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, қой өсіру, шошқа және құс шаруашылығы дамуда. Жалпы қуаттылығы 38 мың басқа арналған бордақылау алаңдарының жұмысы жалғасуда. Сонымен қатар, ет экспорты артып, жыл басынан бері 2300 тоннадан астам өнім сыртқа жөнелтілген.

Соңғы екі жылда салаға 20 млрд теңге инвестиция салынып, осы қаражат есебінен жылына 40 мың тоннаға жуық сүт өндіруге мүмкіндік беретін бес сүт-тауарлы ферма салынды және іске қосылды.