
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылды және сыбайлас жемқорлықтан алынған қаражатпен толықтырылады. Оның қызметі мектептер мен ғимараттарды салу және қайта жаңарту есебінен оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Білім министрлігі.
Қор қаражаты есебінен барлығы 100 мыңға жуық оқушы орнына 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.