
2025 жылы елімізде қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2900 шақырым жол қамтылды
Биылғы жол-құрылыс маусымында 9500 шақырым республикалық маңызы бар автожолда түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Яғни қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 2900 шақырым; күрделі жөндеумен 460 шақырым; орташа жөндеумен 5100 шақырым жол қамтылды. 2025 жылы жол-құрылыс маусымында 10 мың бірлік арнайы техника, 25 мың маман жұмылдырылып, 12 млн тонна қиыршық тас пен 544 мың тонна битум пайдаланылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қараша айының басында Ақтөбе облысында I санаттағы «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» учаскесінің 28 шақырымдық бөлігі ашылады. Сонымен қатар Қызылорда облысында II санаттағы «Қызылорда – Жезқазған» автожолының ұзындығы 192 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілмек.