"Мерейлі отбасы – 2025"республикалық байқауына қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті

"Мерейлі отбасы – 2025"республикалық байқауына қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті

2025 жылғы 25 қазанда "Мерейлі отбасы – 2025"республикалық байқауына қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Әулиекөл ауданының әкімі Эгамбердиевтер отбасына құрмет көрсетіп, бағалы сыйлық табыс етті. Конкурсты өткізу Мемлекет басшысының отбасы институтын нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау және үлгілі қазақстандық отбасыларды қолдау жөніндегі тапсырмасы шеңберінде іске асырылады. Отбасын лайықты нәтижемен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз! "Мерейлі отбасы" байқауы жыл сайын отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және Қазақстанның үлгілі отбасыларын қолдау мақсатында өткізіледі.