Аманқарағай ауылындағы Жамбыл көшесінің тұрғыны «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында белсенді азаматтық ұстаным танытып, өз ауласының қоршауы бойындағы арам шөптерді шабу жұмыстарын жүргізді.
Мұндай игі істер елді мекеннің санитариялық жағдайын жақсартуға, тазалық пен көркейту мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Қоғамдық жұмыстарға үлес қосып жүрген барлық тұрғындарға алғысымызды білдіреміз! #ТазаҚазақстан