8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні. Бұл күні барша жұрт аналарын, апа-әжелерін, қарындастарын, әпке-сіңілілерін жалпы барлық әйелдер қауымын құттықтайды.
 
Көктемнің жайма-шуақ күндерімен бірге келетін осынау мейрамды Целинный ауылының тұрғындары да қалт жібермейді. Ауыл әкімдігі мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып 8 наурыз мерекесіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. 8 наурыз мерекесіне арнап мектеп оқушылары түрлі тамаша қойылымдар дайындады. Ауыл әкімі ауылдың барлық әдемі әйел тұрғындарын құттықтап қана қоймай, құрметті зейнеткерлерге құрметпен және жылулықпен сыйлықтар табыс етті. Кеш соңында барлық қатысушылар мен көрермендер керемет мерекелік кешті естелік суретке түсірумен аяқтады.
 
8 наурызда - біз көктемді ғана емес, сонымен қатар шексіз әйел сұлулығы мен нәзіктігін атап өтетін ерекше күн. 
Әр күніңіз қуаныш пен шабытқа толы болсын!