
«Тазалық әрбір адамнан, әрбір үйден, әрбір көшеден, әр қаладан бастау алуы керек. «Таза Қазақстан» акциясы бір реттік емес, ол біздің өмір салтымызға айналуы керек. «Жас келсе – іске» деп бекер айтпаған. Бұл ортақ мақсат үшін бірігу дегенді білдіреді», - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.
Родина ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бірлескен күш-жігері мен демеушілігінің арқасында аумақты жиналған тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан тазарту жұмыстары жүргізілді. 15 мың текше метр қоқыс жиналып, сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. Ауылдың санитарлық-эстетикалық жағдайы жақсарып, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің одан әрі қалыптасуына тосқауыл қойылды.
Сондай-ақ демеушілік қаражатқа ауыл саябағына 330 метр қоршау алынып, орнатылды. Бұл жұмыс ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз етуге, жергілікті аумақты абаттандыруға бағытталған. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық сананы қалыптастыру бағытында нақты әрі тиімді қадамдар жасалуда. Бұл бастамалар жалғасын табады.