Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшесі Нгуен Суан Тангты қабылдады

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшесі Нгуен Суан Тангты қабылдады

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшесі Нгуен Суан Тангты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси Бюро мүшесі, Хо Ши Мин атындағы ұлттық саясат академиясының директоры Нгуен Суан Тангпен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы бүгінде қазақ-Вьетнам қатынастары өрлемелі бағытта дамып келе жатқанын атап өтті. Президент өткен жылы Вьетнамға жасаған ресми сапарын жылы еске алды. Осы сапар барысында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастыққа елеулі серпін берді.

Президент Вьетнамды еліміздің оңтүстік-шығыс Азиядағы негізгі серіктесі деп атады. Оның айтуынша, Қазақстан екіжақты қатынастарды, әсіресе сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салаларда жан-жақты нығайту жолында одан әрі күш салуға дайын.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын заңнамалық қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу мақсатында парламентаралық ынтымақтастықты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Нгуен Суан Танг Орталық Комитеттің Саяси Бюросы мен елдің Ұлттық жиналысы Қазақстан Президентінің Вьетнамға сапары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, елдердің көзқарастары ұқсас және БҰҰ мен АӨСШК қоса алғанда, көпжақты алаңдарда табысты өзара іс-қимыл жасайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты мен Хо Ши Мин атындағы ұлттық саясат академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын құптады. Ол бұл құжат бірлескен ғылыми зерттеулерге жақсы серпін бере алатынын атап өтті.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Луонг Куонгты келесі жылы Қазақстанға келуге және өз сапарын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.