Назар аударыңыз, байқау!

Назар аударыңыз, байқау!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес ұйымдастыру комитеті 2024 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауын өткізу туралы хабарлайды.
Байқауды өткізу мақсаты:
1) отбасы, адамгершілік, руханият институтын нығайту, жауапкершілігі бар ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын мойындау;
2) бала тәрбиесінде ата-ана жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын көрсету және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасылардың жақсы жағын насихаттау.
Байқауға еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамға пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысып жүрген отбасы мүшелері жіберіледі.
4. Байқауға мына отбасылар қатыса алмайды:
1) Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған әрекетке немесе ұйымдар құрамына кіретін (кірген) отбасы мүшелері;
2) бұрын сотталған отбасы мүшелері.
Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана).
Қатысу үшін өтінімдер 2024 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейінгі мерзімде бекітілген нысан бойынша беріледі. Барлық сұрақтар бойынша Абай көшесі, 29, мекенжайы бойындағы «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ, 8 (71430) 7-55-49 телефоны бойынша, e-mail: arkpolitika@mail.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
#Otbasym2024