«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы бірқатар бағыттардың темір жол билеттеріне күзгі жеңілдіктер жариялайды

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы бірқатар бағыттардың темір жол билеттеріне күзгі жеңілдіктер жариялайды

№ исх: 5735   от: 21.09.2023

Пресс-релиз

 

14 қыркүйек 2023 жыл                                                                    Астана қаласы

 

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы бірқатар бағыттардың темір жол билеттеріне күзгі жеңілдіктер жариялайды

 

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы «Тальго» пойыздарының үш бағытына күз мезгіліне арналған жеңілдіктер енгізеді, ол ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінен 26 қазаны және 6 қарашасынан 07 желтоқсаны аралығында күшінде болады.

«Тальго» пойыздарының маршруттарына жеңілдіктер енгізу туралы шешім оның танымалдығын және қолжетімділігін арттыру мақсатында қабылданды.

Жеңілдіктер мына маршруттарға қатысты беріледі, олар:

- 20% жеңілдік – №79/80 «Астана – Арқалық» бағытына;

- 30% жеңілдік – №81/82 «Астана – Қостанай» бағытына;

- 40% жеңілдік – №65/66 «Астана – Жезқазған» бағытына.

Билетті тиімді бағамен барлық билет сату арналары, ресми «www.bilet.railways.kz» сайты, сондай-ақ «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады (Android платформасында ғана қолжетімді).

Сондай-ақ жолаушылар жеңілдік мөлшерін «Алтын» және «Күміс» дисконт карталары арқылы 55%-ға дейін арттыра алады.

Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты тегін «1433» нөмірінен және «KTZH_PP_BOT» телеграм-бот арқылы алуға болады.

 

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі