Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.

Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу үшін өтінімдер қабылдауды жариялайды.

Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнайы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізімге енгізу туралы осы Қағиданың 2 – қосымшасына сәйкес нысаны бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға оны тізімге енгізу үшін санатына байланысты осы Қағиданың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;
3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).
Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне енгізу үшін құжаттар 2023 жылы 1 маусымнан бастап 15 маусымға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ-де Тәуелсіздік көшесі, 85, № 5 кабинет мекен – жайы бойынша жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі ас 13.00-ден 14.30-ға дейін.), қабылданады, телефон 8 (714-2) 90-20-58. Толық ақпарат Басқарманың сайтында орналастырылған.