Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы халықты хабардар етеді:

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы халықты хабардар етеді:

Құрметті азаматтар, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары!

Егер Сізді әкімшілік жауапкершілікке тартса және мемлекеттік органның өкілі Сізден ЭЦҚ-ны өзіңізбен бірге алып жүруіңізді сұраса, оның талаптары заңға негізделген!

Сізге ЭЦҚ электрондық хаттамамен танысу үшін қажет болады немесе Сізден графикалық планшет немесе стилус көмегімен құжатқа өз қолтаңбаңызды қою сұралады.

Бұл әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізу электрондық форматта жүзеге асырылатынын білдіреді.

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 300-VI ҚРЗ Заңымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі мынадай мазмұндағы 737-1 және 737-2-баптарымен толықтырылды:

737-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу нысаны

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі пайдаланыла отырып, қағаз және (немесе) электрондық нысандарда жүзеге асырылады.

Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.

737-2-бап. Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар

Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар судьяның, уәкілетті органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және іс жүргізуге қатысушыларға өздері көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы не Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге де тәсілдермен ұсынылады.

Процестік құжаттарды электрондық нысанда ұсынумен қатар іс жүргізуге қатысушыларға оларды қағаз жеткізгіште ұсынуға жол беріледі.

Осылайша, 2020 жылдан бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу қағаз түрінен басқа электрондық нысанда жүзеге асырылады.

Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін (бұдан әрі - ӘІБТ) жүргізу қағидаларына сәйкес электрондық форматты жүргізу тәсілдері мыналар болып табылады:

- әкімшілік іс жүргізуге қатысушылардың электрондық-цифрлық қолтаңбамен не графикалық планшет арқылы қолтаңбамен куәландыру арқылы стационарлық компьютерлерде ӘІБТ ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда жасалған процестік және өзге де құжаттарды куәландыруы;

- планшеттік компьютерлерде ӘІБТ мобильді қосымшасында әкімшілік іс жүргізу кезінде қол қою лауазымды адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен жүзеге асырылады, құқық бұзушыға және басқа қатысушыларға стилус беріледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық хаттама «электрондық үкімет» веб-порталында және (немесе) уәкілетті органның «Qamqor.gov.kz» ақпараттық сервисінде қолжетімді.

Хаттаманың көшірмесін деректерді беру желісін пайдалана отырып, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына (компьютерлік планшет немесе тасымалды компьютер) жіберуге жол беріледі

Хабарламаның және қаулының көшірмесін берудің ұқсас тәртібі «ескерту» түріндегі электрондық нысанда әкімшілік жаза қолданылған кезде қолданылады.

ӘІБТ жария секторы арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға іс жүргізу мәртебесін алған сәттен бастап электрондық нысанда әкімшілік істің тиісті материалдарына, сондай-ақ өтінішхат, шағым, өтініш беруге және оларға электрондық нысанда жауап алуға рұқсат беріледі.