Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтер

«ҚР АШМ АӨК МИК Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» ММ тұрғындарға келесі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетеді:

  1. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру.
  2. Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру.
  3. Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу.
  4. Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру.

Барлық мемлекеттік қызмет түрлері тегін көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау https://elicense.kz "Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау" интернет-порталдың жеке кабинетте ЭЦК арқылы жүзеге асырылады.

Рұқсаттамалық құжаттарды беру электрондық/қағаз түрінде жүргізіледі.

Қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік қызметті көрсету үшін:

1) нысан бойынша өтініш;

2) карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы (бар болса);

3) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

 

Өсімдік карантин жөніндегі инспекторы Д.Л. Жексембаева

Тел./факс: 75713