Арқалық қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен өткен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту жөніндегі кеңес

Арқалық қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен өткен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту жөніндегі кеңес

Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік  базалық  бағытының жоспарын іске асыру шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобасына сәйкес,  Арқалық қаласы әкімінің аппаратында әкімдіктің Әдеп жөніндегі уәкілі – Бауыржан Сабыржанұлы Бралиннің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту тақырыбында кеңес өткізілді. Кеңеске аппарат бөлімдерінің басшылары, бас инспектор, бас мамандар, әдіскерлер қатысты. Барлығы 15 адам.

Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын сақтауы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, ұжымдағы моральдық - психологиялық ахуалдың жай-күйі, еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтау мәселелері айтылып өтті.

Сонымен қатар, өңірде Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыруға қатысты, ағымдағы жылы барлық жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ квазимемлекеттік секторды қамти отырып, №4 ҮББ жобасы бойынша міндеттерді орындау туралы мәселелер қаралды