«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ».

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады  Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ».

2022 жылғы 20 желтоқсанда БЖЗҚ «Ашық есік күнін» «Цифрлық БЖЗҚ» тақырыбында онлайн-форматта өткізеді.

Мақсаты – салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алуы үшін егжей-тегжейлі   таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде қатысушыларға «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме беріледі.  

Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарды жауапсыз қалдырмай, іс-шараға қатысушыларға жеке кеңес береді.

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 20 желтоқсанда орыс тілінде  сағат 10:00 (Zoom), 14:00 (Zoom), қазақ тілінде сағат  12:00 (Zoom), 16:00 (Zoom) онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына дейін жіберіледі.              

        

          «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!