Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейтін болады

Қостанай облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндері қалай жұмыс істейтін болады

25 қазан күні еліміз Республика күнін атап өтеді. ХҚО-лар мен мамандырылған ХҚО-лар 23, 24 және 25 қазан күндері жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.

 

Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы кезекші ХҚО-лар мен мамандырылған ХҚО-лар 24 қазан күні 09-00-ден 13-00-ге дейін қызмет істейді.

 

Сондай-ақ, 22 қазан жұмыс күні болып бекітілгенін еске саламыз. Бұл күні орталықтар клиенттерді сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін қабылдайды.

 

26 қазаннан бастап азаматтар мемлекеттік қызметтерді әдеттегі жұмыс кестесі бойынша ала алады.