Өрт кезінде зардап шеккендерге құжаттары кезектен тыс қалпына келтіріледі

Өрт кезінде зардап шеккендерге құжаттары кезектен тыс қалпына келтіріледі

Қостанай облысында өрт кезінде зардап шеккендердің құжаттары кезектен тыс қалпына келтіріледі, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.


«Табиғи апаттан зардап шеккен аудандардағы халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері көші-қон полициясының өкілдерімен бірге өрт сөндірушілерге көмек көрсетуге дайын. Жеке басты куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлікке құжаттарды қалпына келтіру үшін тұрғындар ХҚКО жүгінуі қажет. Әулиекөл ауданындағы мекен-жайы: Әулиекөл ауылы, Жәнібек Батыр көшесі. Қарасу ауданындағы  мекен-жайы: Қарасу ауылы, Комсомольская көшесі, 24. Қызметкерлер азаматтарға түскі үзіліссіз құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетуге дайын, зардап шеккен азаматтарды қабылдау кезектен тыс жүзеге асырылады», - деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының директоры Мейржан Жаңабаев.