Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ҚР сауда және интеграция министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ ағаш материалдарын тасымалдауға қатысты хаттарын қарап, келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ҚР сауда және интеграция министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ ағаш материалдарын тасымалдауға қатысты хаттарын қарап, келесіні хабарлайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» № 30 шешімімен (бұдан әрі –                         № 30 шешім) Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары енгізілді (әкелуге және әкетуге тыйым салу, әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртібі, тиісті тізбелерге сәйкес тауарлардың экспорты мен импортына сандық шектеулер).

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі                 № 30 шешіміне 1-қосымшаға сәйкес ағаш материалдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген тауарлар тізбесіне жатқызылмаған.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 194 шешіміне (бұдан әрі – № 194 шешім) сәйкес ағаш материалдары үшін (СЭҚ ТН кодтары 4401, 4403, 4407) экспорт пен импортқа сандық шектеулер белгіленген.

Бұл ретте, № 194 шешімнің 2-қосымшасына сәйкес экспорттық квотаның көлемі ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер үшін 0 мөлшерінде айқындалды, бұл квотаның жоқтығын болжайды.

Алайда, қосымшаға ескертпеде тарифтік емес реттеу шарасы Ресей Федерациясының шараны қолдану тәртібін белгілейтін актісі күшіне енген күннен бастап Ресей Федерациясына қатысты қолданылатыны атап өтілді.

РФ Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 380 Қаулысымен Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына ағаш материалдарын әкетудің жыл сайынғы шекті көлемі белгіленді.

Бұл ретте, ағаш материалдарын үшінші елдерге тасымалдауға қатысты шектеулер көзделмеген.

Бұдан басқа, «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 322 бұйрығы                   6 ай мерзімге мынадай жағдайларда қолданылмайды:

  1. Егер тауарлар-ағаш материалдары ЕО елдерінде экспорттың кедендік рәсімі бойынша ресімделген болса және ҚР аумағы арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін болса (ҚР аумағында жүкті тиеу, бөлшектеу, қоймаға жинау және т. б. бойынша қосымша операциялар жүргізбестен);
  2. Егер тауарлар экспорт кедендік рәсімі бойынша ЕАЭО елдерінде (РБ, РФ, КР, РА) ресімделген болса және ҚР аумағының кету пункттері арқылы үшінші елдерге транзитпен өтетін болса (ҚР аумағында жүкті тиеу, бөлшектеу, қоймаға жинау және т.б. бойынша қосымша операциялар жүргізбестен).
  3. Егер тауарлар экспорттың кедендік рәсімі бойынша ЕАЭО (РБ, РФ, КР, РА) елдерінде ресімделген болса және теміржол көлігімен ЕАЭО шекара маңындағы станцияларынан (РБ, РФ, КР, РА) транзиттік тарифті төлей отырып, Үшінші елдерге баратын болса, бұл ретте халықаралық келісім шеңберінде ресімделген бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты бар, ал сондай-ақ коммерциялық құжаттар (шот-фактура (инвойс), спецификациялар, тиеу және буып-түю парақтары және сыртқы сауда және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын басқа да құжаттар), сол арқылы жүктердің транзиттік тасымалымен шектелмейді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, теміржол көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын Министрліктің ережелерін басшылыққа ала отырып, ағаш материалдарын тиісті транзиттік тасымалдауды қамтамасыз ету қажет деп санаймыз.