КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурсты ұйымдастырушы: "Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" КММ;

Орналасқан жері: Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 62, 3 қабат, каб. 309;

Пошталық мекенжайы: 110300, Абай даңғылы, 62, 3 қабат, каб. 309;

Электрондық пошта мекенжайы: centr.zanyatosti@mail.ru

Байланыс телефоны: 8 (714-30) 75398, 75358;

Конкурстың мәні: Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылады;

Конкурс нысаны: ашық конкурс;

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орындары: business.enbek.kz. порталы арқылы онлайн түрде беріледі.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: Гранттар:

1) жиырма тоғыз жасқа толмаған, грант алуға өтініш бергенге дейін үш жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жас кәсіпкерлер;

2) атаулы әлеуметтік көмекті, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларды, қоныс аударушыларды, қандастарды, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдарды және (немесе) оның жұбайы (зайыбын), жастарды қамтитын халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз немесе бір реттік жиынтық төлемді төлейтін дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 жылғы 8 тамызынан 21 тамызына дейін  business.enbek.kz. порталы арқылы онлайн түрде беріледі.

Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні: 2022 ж. 8 тамызынан бастап.

Өтінімдерді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2022 жылғы 21 тамызына дейін.