Қостанайлықтар бизнесті онлайн тіркей алады

Қостанайлықтар бизнесті онлайн тіркей алады

Қостанайлықтар бизнесті онлайн тіркей алады

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша, мемлекеттік қызметтерді өз бетінше қалай алу керектігі туралы айтылды.

 

Уақытты үнемдеу үшін, заңды тұлғаға ХҚКО-на жүгінудің қажеті жоқ. Әсіресе, шағын және орта бизнес субъектілерін тіркеуге, коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеуге немесе таратуға қатысты. Мұның барлығын eGov.kz. портал арқылы жасауға болады. Шағын немесе орта кәсіпкерлікті бастапқы тіркеу үшін, электрондық өтінішті толтыру жеткілікті, және бір күн ішінде пайдаланушының жеке кабинетіне мемлекеттік тіркеу туралы немесе бас тарту туралы электрондық анықтама түрінде жауап келеді. Қажет болған жағдайда, бизнесті тіркеу туралы анықтаманы өз бетінше басып шығаруға болады. Бизнесті тіркеу рәсімін жеделдету мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру процесінің арқасында мүмкін болды. Егер бұрын өтініш беруші мемлекеттік органға бес және одан да көп құжаттармен келіп, тіркеуді алу үшін деректердің тексерілуін күткен болса( ал әңгіме 5 күнге дейінгі мерзім туралы болса), бүгінде бүкіл рәсім электрондық түрде бір күннен аспайды, бұл ретте резиденттер үшін ешқандай құжаттар талап етілмейді, шетелдік құрылтайшы үшін-паспорттың көшірмесі немесе басқа құжат талап етіледі шетелдік құрылтайшының жеке басын куәландыратын құжат, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге, деп хабарлады Мемлекеттік корпорация филиалының баспасөз қызметі.

 

 Электрондық форматта басқа да мемлекеттік қызметтерді алуға болады: коммерциялық заңды тұлғаларды қайта тіркеу; заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін тоқтату (тарату); акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жерін өзгерту.

 

Заңды тұлға басшысының өзгеруі ең көп таралған және сұранысқа ие қызмет болып табылады. Қазіргі уақытта заңды тұлғаның басшысын өзгерту бойынша сервис іске қосылды, ол eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Айта кету қажет, жыл басынан бері мемлекеттік корпорация Қазақстан бойынша 2000-ға жуық заңды тұлғаны тіркеді. Біздің облыста-305,-деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.