Үш компонентті интеграцияланған жүйе (ҮИЖ) дегеніміз не?

Үш компонентті интеграцияланған жүйе (ҮИЖ) дегеніміз не?

ҮИЖ 2020 жылдан бастап қолданыстағы жүйе болып табылады. Қазіргі уақытта ҮИЖ бірыңғай тізіліміне ҮИЖ 3 моделі енгізілді. ҮИЖ Бірыңғай тізілімімен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында танысуға болады . Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын ЖК үшін ҮИЖ қолданудың артықшылықтары: 1) салық кезеңі үшін, яғни жарты жылдық үшін кіріс шегі 24 038 АЕК-тен (66,8 млн.теңге) 94 086 АЕК-ке (261,4 млн. теңге) дейін ұлғайтылды. 2) 2021 жылы ҚҚС бойынша шек 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, яғни 83,3 млн.теңгеден 400,5 млн. теңгеге дейін (2022 жылы 134 184 АЕК-ке дейін). Алайда, бұл ұлғаю ҮИЖ-ді пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз нысанда (яғни банк карточкалары арқылы сатып алушылармен есеп айырысу) жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылатынын ескеру қажет. Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені пайдалану үшін не қажет? Біріншісі- ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына мына сілтеме бойынша кіру http://kgd.gov.kz/ru/content/edinyy-reestr-trehkomponentnyh-integrirovannyh-sistem-1 және ҮИЖ моделін таңдау. Екіншісі - Үш құрамдасты интеграцияланған жүйені орнату үшін ҮИЖ әзірлеушісімен байланыс. Үшіншісі - салық төлеушінің кабинетіне кіріп, ҮИЖ-ні Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуді жүргізу (иллюстрация). Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын барлық жеке кәсіпкерлерді ҮИЖ қолдануға және ҮИЖ қолданудың артықшылықтарын пайдалануға шақырамыз. ҮИЖ-ге және оны есепке алуға қойылатын талаптар, ҮИЖ-ді орнату және қолдану қағидалары "Үш компонентті интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен бекітілген.

Арқалық қаласы бойынша

 мемлекеттік кірістер басқармасы