Салық төлеушілерді визуалды тексеру

Салық төлеушілерді визуалды тексеру

Салық төлеушілерді визуалды тексеру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы  №1232  бұйрығымен  визуалды тексеру жүргізе отырып, салық төлеушілерді әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілді.

Визуалды тексеру  мемлекеттік  кірістер  органдарына  келіп түскен шағымдар бойынша мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының арнайы  бейнебақылау және (немесе) фотофиксация құралдарын қолдана отырып, жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумақтарын қарап-тексеруді көздейтін мемлекеттік бақылаудың өзге нысаны болып табылады.

Салық төлеушілерді әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде  визуалды тексеруды  жүргізе  отырып, мемлекеттік кірістер органымен  қалыптастырылған   штрих - код (QR-код) қолданылады.

Пилоттық жоба кімге қолданылады?

Пилоттық жоба жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумағында Қазақстан Республикасында көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылады.

Салық төлеушілер визуалды тексеруге  қалай дайындала алады?

Пилоттық жобаға қатысатын салық төлеушілерге  пилоттық жоба басталғаннан бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (https://kgd.gov.kz) веб-порталы (бұдан әрі-Портал) арқылы  штрих кодты  (QR-код) алу қажет.  Ол үшін белсенді терезеде салық төлеушінің ЖСН/БСН, БКМ тіркеу нөмірін енгізіп, «код жасау»  батырмасын басу қажет, басып шығаруға жататын барлық деректермен QR-код жасалады.

QR кодын қайда орналастыру керек және кодты  қандай ақпарат қамтиды?

Штрих-кодты (QR-код) БКМ орналасқан жерлерге орналастырады.

Штрих-код (QR-код) мына  ақпаратты қамтиды:

ЖСН/БСН; салық төлеушінің толық атауы; салық төлеушінің орналасқан жерінің мекенжайы; алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензияның болуы немесе болмауы; БКМ тіркеу нөмірі; салық төлеушінің мәртебесі (қолданыстағы, әрекетсіз, қызметін тоқтата тұру).

Тексеру жүргізу үшін негіздеме:

Мемлекеттік кіріс органының шешімін шығару үшін:

  1. Мемлекеттік кірістер органдарына мынадай мәселелер бойынша келіп түскен шағымның болуы:

Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне қоюдың болмауы;

БКМ қолдану тәртібін бұзу;

төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы;

алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензияның болмауы;

  1. бұрын жүргізілген визуалды тексеру арқылы анықталған бұзушылықтарды  жоймау негіз болып табылады.

Визуалды тексеру жүргізу туралы шешім қайда орналастырылады?

Шешім мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурсында шешімде көрсетілген визуалды тексеруды жүргізу мерзімі басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын орналастырылады.

Шешім: салық төлеушінің атауы; көзбен шолып қарап тексеруді жүргізу мекенжайы; көзбен шолып қарап тексеруді жүргізу жөніндегі міндет жүктелген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары туралы мәліметтерді; визуалды тексеруды жүргізу мерзімін қамтиды.

Визуалды тексеру қалай жүргізіледі?

Визуалды тексеруды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары аумақтарды,  үй-жайларды,  ғимараттарды не кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын өзге де объектілерді бейнебақылау және фотофиксациялаудың арнайы құралдарын қолдана отырып жүргізеді. Бұзушылықты тіркеу арнайы бейнебақылау және (немесе) фотофиксация құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.

Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы