Мобильді («е-SalyqBusiness») қосымшасын пайдалану арқылы арнаулы салық режимін енгізу.

Мобильді («е-SalyqBusiness») қосымшасын пайдалану арқылы арнаулы салық режимін енгізу.

2022 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап, мобильді («е-SalyqBusiness»)қосымшасын қолдана отырып, жеке кәсіпкерлер үшін жаңа арнаулы салық режимі енгізіледі.

Аталған ережелерге сәйкес мобильді қосымша кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелерін орындауын жеңілдетуін қамтамасыз ету тиіс. Осылайша, мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жеке кәсіпкер ретінде қарапайым онлайн тіркелу, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, көрсетілген арнаулы салық режимін қолданатын тұлғалар үшін салық есептілігін ұсынуды алып тастау қарастырылады.

 

Егерде мемлекеттік кірістер басқармасының есептелген хабарламаны алатын болсаңыз, төлемді «eSalyq Azamat» тегін мобильдык қосымшасын Plау маркет немесе АPP Store жүктеу арқылы орнатуға болады, екінші деңгейлі банктер, Казпочта (салықтар комиссиясыз төленеді), Homebank, Kaspikz арқылы да төлеуге болады.

«eSalyq Azamat» мобильдык қосымшасы жеке тұлғалар үшін онай және қарапайым түрде салық төлемдерін салық органдарына және банк бөлімдеріне бармай-ақ, салықтық қарызын бар жоқтығын тексеруге, мүлiк, жер және көлік салықтарын төлеуге мүмкімдік беретін, артық төлемдерді басқару, еңбекке ақы төлеуді қарау,шығуға салынған тыйымды қарауға мүмкүмдік беретін  мобильдык қосымша.