Қазақстанның энергетикалық жүйесіне майнингтің әсері

Қазақстанның энергетикалық жүйесіне майнингтің әсері

Электр энергиясының төмен тарифтерінің арқасында Қазақстанда майнерлер саны өсе бастады, бұл ретте көптеген жергілікті криптофермалар – заңсыз. Адал тұтынушылар жерасты майнерлердің әрекеттерінен зардап шегеді, өйткені майнинг электр сапасына теріс әсер етіп, желілерде апаттардың өсуіне ықпал етеді, осыған байланысты, желілердегі апаттардың өсуі арттырады.

Майнинг – криптовалютаны өндіру. Ешкім криптовалютаны шығаруды реттемейді, сондықтан әркім ақша таба алады. Майнинг – бұл жаңа жасалған транзакцияларды блокчейнге салу. Блокчейн - блоктар тізбегі, олардың әрқайсысында жеке операциялар көрсетіледі. Шын мәнінде, майнер - бұл криптобухгалтер. Қайталанулар болмауы мен криптовалютаның аударымдары жазусыз жасалмауы үшін майнер барлық транзакциялар тізілімге жазылғанына көз жеткізеді. Егер майнер сәйкессіздікті тауып, оны қанағаттандырса, онда жүйе өзінің сыйақысын биткоинмен төлейді. Осылайша жүйеде жаңа криптовалюта пайда болады.

«KEGOC» АҚ деректері бойынша, 2021 жылдың 10 айында Қазақстанда электр энергиясын тұтыну өсті. Жоғары жүктеме елдің энергетикалық жүйесіне электр қуатының жиі үзілуіне мен аварияларға үлес қосты. Компания бұған майнинг кінәлі екенің есептейді, деп «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» хабарлайды.

2021 жылы электр энергиясын тұтыну 2020 жылмен салыстырғанда оңтүстік аймақ бойынша 11,6% — ға, Солтүстік аймақ бойынша 5,7% — ға және батыс аймақ бойынша 7,5% - ға ұлғайды. Максималды жүктеме кезінде қуат тұтыну 1 500 мегаваттан асады. Қазіргі уақытта, Департамент өндірістік қуаттарды өз пайдасы үшін пайдаланатын «заңсыз» майнерлерді белгілеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Егер сіз заңсыз майнерлер туралы ақпаратқа ие болсаңыз, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментіне Қостанай қаласы,Гоголь көшесі, 75, 219-кабинет мекенжайы бойынша немесе 8 (7142) 50-02-60, 8 (7142) 50-49-10 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.