Жастар және дін: неге сауатты болу керек?

Жастар және дін: неге сауатты болу керек?

7 қазан күні Арқалық қаласының жоғары сынып оқушылары үшін «Жастар және дін: қауіпсіздіктің әлеуметтік-психологиялық аспектілері» аттын онлайн-семинар өтті, оны И.Жансұгіров атындағы Жетісу университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, запастағы полиция полковнигі Д.Б.Тойматаев пен деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының басшысы Ю.А.Калюжная жүргізді.

Оқушылар деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының жұмысы туралы, олардың деструктивті ықпал етуінің белгілері, тарту тәсілдері мен негативті салдары туралы білді. Спикерлер тәжірибеден алынған мысалдармен бөлісті, қалай кәмелетке толмаған балалар теріс діни ұйымның ықпалына түскен, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы, қалай әдлеуметтік желі арқылы деструктивті ұйымға тарту болады, сонымен қатар ғаламтор желісіндегі сақтық шаралары туралы айтып өтті. Қатысушылар топтың ықпалымен болатын адамның мінез – құлқындағы өзгерістерді көрсететін әлеуметтік  конформизм феноменін талқылады.

Спикерлер дінге қатысты туындаған сұрақтарға жауапты ғаламтордан емес, дәстүрлі діни институттардың өкілдерінен яғни, имамдар мен православлілік дін қызметшілерінен сұрау керектігін айтты. Сыни тұрғыда ойлау керектігін, ақпараттың шынайылығын тексеруге шақырды. Ал қиын сәттерде қолдауды жақын адамдардан және жастар мен балаларға арналған 150  қауырыт желісінен ала алатындарын сөзге тиек етті.

 

Аталмыш іс-шара Арқалық қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша Қостанай облысының психологтары қауымдастығымен ұйымдастырылды.