ЖАДЫНАМА ШОШҚАНЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ

ЖАДЫНАМА  ШОШҚАНЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ

Шошқалардың африкалық обасы вирусының әкелуін болдырмау мақсатында өз шаруашылығында (ауласында) шошқалары бар жеке және заңды тұлғаларға:

 

1) шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден үй және жабайы жануарларды, оларды союдың өнімдерінің және азықтың барлық түрін кіргізуге;

2) Қазақстан Республикасына бағытталған көлік құралдарының иелеріне Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз мемлекеттерде сатып алынған жануарлар менолардың тамаққа қолданылатын ет өнімдерін (консервілерден басқа) жеткізуге жол берілмейді.

 

Сондай-ақ, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 25-бабына сәйкес- жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлармен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері

 

Жеке және заңды тұлғалар:

  1. Ветеринария қызметіне:

-        жанадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
-        жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап үстау жөнінде шаралар қолдануға;
-        союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;
-        кейiннен сатуға арналған ауыл шаруашылығы жануарларың ет өндейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою аландарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою аландарында) союды жүзеге асыруға;
-        ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;

-        жануарларды карантиндеуді жүргізуге.


«ҚР АШМ ВБжҚК Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» ММ