Кәсіпкерлердің назарына!

Кәсіпкерлердің назарына!

Қазақстан Республикасының Президенті, 2021 жылдың 4 қыркүйегінде заңды күшіне енген, «Прокуратура туралы» Заңына түзетулерге қол қойды. 

         Кәсіпкерлердің мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен олардың лауазымды адамдары тарапынан қызметіне араласу фактілері бойынша өтініштерін прокурорларға қарау құзіретін беру оның негізгі жаңашылдықтарына жатады.

         Бұрын мұндай өтініштер уәкілетті органдарға жіберілетін.

         Енді прокурорлар бизнес субъектілерінің шағымдарына жедел әрекет етіп, олар бойынша тексерулер жүргізеді, қажетті ақпаратты өздері белгіленген мерзімде сұратып және түсініктеме алу үшін адамды шақыра алады.

Заңсыз қолданған шектеу мен тыйым салу сипатындағы шараларды дереу жоюға прокурордың өкілеттігі пайда болды.

Егер прокурор осындай фактілерді анықтаса, олардың күшін жою туралы қаулы шығарады. Мұндай қаулы міндетті орныдауға жатады және шағым келтірген кезде де, өз күшін тоқтатпайды.

         Прокурор қызметінің құқықтық кепілдіктерін қамтамсыз ету мақсатында оның қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізілді – 15 АЕК көлеміндегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 664-1-бабы бойынша көзделген әкімшілік жаза.