Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына ауыл шарушылығы құралымдарының тірі жануарларды тасымалдап әкелу тәртібі мен талаптары

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына ауыл шарушылығы құралымдарының тірі жануарларды тасымалдап әкелу тәртібі мен талаптары

. Ресей Федерациясында жануарларды өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілері,  Россельхознадзордың сайтына орналастырылған Кеден одағының кәсіпорындар тізімінде (ЕЭО) болуға тиіс.

  1. Регионализациялауға сәйкес тасымалдап әкелуді жоспарлау кезінде жұқпалы аурулар, жануарларды тасымалдап әкелуге қолданыстағы уақытша шектеулер, аймақтық мәртебе бойынша (вакцинациялаумен қолайлы, аусыл бойынша вакцинациялаусыз) Ресей Федерациясы аймағының өңірлік қолайлығы ескерілуі қажет.

         Уақытша шектеулер бойынша өзекті ақпарат ҚР АШМ веб-сайтында орналастырылған. Россельхознадзор жануарлардың аурулары бойынша аймақтандыруды жүргізді және Цербер ақпараттық жүйесінде Россельхознадзодың ресми сайтында қол жетімді.  

         3. Атап айту қажет, Қазақстан Республикасының барлық аумағы аусыл бойынша 5 облыс бойынша (2017, ШҚО Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары) вакцинациялаумен және 9 облыс бойынша                      (2015, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстары) вакцинациялаусыз  қолайлы аймақ ретінде Халықаралық эпизоотия бюросының арнайы мәртебесін иеленеді.          Халықаралық эпизоотиялық бюросының ұсыныстарын және тасымалдау шарттарын сақтау кезінде, эпизоотиялық ахуалдың талдауының ескерілуімен, мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторлардың ерекше бақылауымен (тоқтаусыз, суару шарттарының бақылануымен және т.б.) Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдап әкелуге рұқсат етіледі:         1) аусыл бойынша вакцинациялаусыз қолайлы Ресей Федерациясының субъектілерінен, олар сондай-ақ нодулярлық дерматит бойынша қолайлы аймағынан, аусылға қарсы вакцинациялаумен қолайлы аймақ аумағына (Қазақстан Республикасының 5 облысы).  НД қолайсыздық  жағдай туындаған жағдайда тірі малды тасымалдап әкелуге тиым салынады;          2) аусыл бойынша вакцинациялаумен қолайлы Ресей Федерациясының субъектілерінен, (сондай-ақ нодулярлық дерматит бойынша қолайлы болуға тиіс), аусылға қарсы вакцинациялаумен қолайлы аймақ аумағына (Қазақстан Республикасының 5 облысы) тек Шығыс Қазақстан облысы арқылы тасымалдап әкелу шарты кезінде.  НД қолайсыздық  жағдай туындаған жағдайда тірі малды тасымалдап әкелуге тиым салынады;         3) аусыл бойынша вакцинациялаусыз қолайлы Ресей Федерациясының субъектілерінен, олар сондай-ақ нодулярлық дерматит бойынша қолайлы аймағынан, тек ҚР аусылға қарсы вакцинациялаусыз (Қазақстан Республикасының 9 облысы)  қолайлы аймақ аумағына.  НД қолайсыздық  жағдай туындаған жағдайда тірі малды тасымалдап әкелуге тиым салынады;        Маңызды!!! Аусыл бойынша вакцинациялаумен қолайлы Ресей Федерациясының субъектілерінен ҚР аусылға қарсы вакцинациялаусыз Қазақстан Республикасының 9 облысының қолайлы аймақ аумағына тасымалдауды жүзеге асыруға  – тиым салынады.        4. Тасымалдап әкелінетін жануарлардың әрбір партиясын жануарларды тасымалдап әкелу орындары бойынша (аудандар, облыстар) ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларымен келісу қажет;          -             Комитеттің аумақтық инспекцияларының байланыс мәліметтері ҚР АШМ сайтына және қосымшасына орналастырылған.          5. ЕАЭК елдерінің арасындағы жануарлардың тасымалы  2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 (1,4,5,7,9,10 тараулар) Кеден одағы комиссиясының Шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.         6. Жануарлардың әрбір партиясы Ресей Федерациясының ветеринариялық қызметімен берілген, 2010 жылғы 18 қарашадағы № 455 Кеден одағы комиссиясының Шешімімен бекітілген ЕАЭК-ың № 1 үлгідегі ветеринариялық сертификатымен ілестірілуге тиіс.      7. Ресей Федерациясының жануарлардың аурулары бойынша қолайсыз  аймақтары арқылы жануарларды тасымалдап транзитін кезінде көлікті тоқтатуға және жануарларды азықтандыру және суғару үшін түсіруге тиым салынады,  нодулярлық дерматит (түйінді) бойынша аймақтардық қолайсыздық жағдайы кезінде көлікті және жануарларды қансорғыш жәндіктерге қарсы репелленттермен өңдеуді қарастыру қажет.          8. Жануарларды карантиндеу жөнелтуші-елде (Ресей Федерациясы), сондай-ақ алушы-елде (Қазақстан Республикасы) жүзеге асырылады.  

Құқықтық негізі:

- ЕАЭО елдері арасында жануарлардың қозғалысы Кеден одағы комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 317 шешімімен бекітілген ветеринарлық бақылауға жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринарлық (ветеринариялық -санитариялық) талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

- жануарлардың әр партиясына Кеден одағы комиссиясының 18.11.2010 жылғы № 455 шешімімен бекітілген ЕАЭО №1 нысаны бойынша ветеринарлық сертификат қоса берілуі тиіс.

- кәсіпкерлік субъектілері ЕАЭО елінің Кеден одағына мүше бір мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына тасымалданатын бақыланатын тауарларды өндірумен, өңдеумен және (немесе) сақтаумен айналысатын ұйымдар мен тұлғалардың тізілімінде сақталуы тиіс. Шешімімен бекітілген ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерді бірлесіп тексерудің және тауарлардың (өнімдердің) сынамаларын алудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес Кеден одағының (Кеден одағы кәсіпорындарының тізілімі) ережесіне сәйкес. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2014 жылғы 09 қазандағы № 94.