Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау

Салық төлеушілерге мәлімет үшін

 

Жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау

 

Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы    Қазақстан Республикасының 2017 жылдың  25 желтоқсандағы № 121-VI «Салық және  бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі)  Заңына сәйкес 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Жалпыға бірдей декларациялау» бойынша Салық кодексінің 71 бөлімі  қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.

Бірінші кезеңде 2021 жылы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау шеңберіндегі декларацияны:

-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары- мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам.

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік адамдар мен олардың жұбайлары – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметкер, мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін уақытша орындайтын адам.

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары -жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, сондай-ақ сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген не мемлекеттік бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, көрсетілген ұйымдарда дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері.

Екінші кезеңде 2023 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің  жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын  жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде  2024 жылы 1 қаңтардан бастап  заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде  2025 жылы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyq Azamat mobile және    eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларация 230.00 нысаны  2021 жылдан тапсырылмайды.

Жеке тұлғалардың декларацияны электрондық түрде ұсынуын ынталандыру мақсатында декларацияны ұсынудың 2 мерзімі көзделген:

-15 шілдеге дейін – қағаз тасымалдағышта;

-15 қыркүйектен кешіктірмей – электрондық түрде.

 

Арқалық қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы