Сайлау

Сайлау

Арқалық қаласы бойынша Аңғар, Көктау, Екідің, Жаңақала және Восточный ауылдарының әкімдерін сайлау өтуде. Барлық сайлау учаскелері бақылаушылармен, санитарлық сақтық құралдарымен қамтылған. Таңғы 07.00 -де басталған саяси шара кешкі 20.00- ге дейін жалғасады. Аталған 5 ауылда тізімге енгізілген сайлаушылар саны 1 263 болса,(ең көп сайлаушы Восточный ауылында 589 адам) сағат 10.00 -дегі мәліметке сәйкес, соның 19.6 пайызы (250-ге жуық адам) өз таңдауын жасады.