Ардагер маманға құрмет көрсетілді

Ардагер маманға құрмет көрсетілді
28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай қала әкімі Әмірхан АСАНОВ «Еңбек ардагері», «Қазақ радиосының ардагері», «Ақпарат саласының үздігі» Күләш Молдахметованы қабылдап, кәсіби мерекесімен құттықтап, Құрмет грамотасын табыс етті. Өңіріміздің тумасы Күләш Кәйләнқызы да өзіне көрсетіліп отырған құрмет үшін алғысын білдіріп, Арқалықтың өсіп – өркендеуіне қашан да тілекші екенін жеткізді.
Күләш Молдахметова Торғай облыстық радиосында 1974 – 1997 ж.ж. аралығында диктор болып қызмет атқарған. Еңбек жолын 1998 жылдан бастап Қазақ радиосының елордадағы филиалында жалғастырса, қазіргі уақытта «Шалқар» радиосында дикторлық қызметте.