Жаңа модель – азаматтардың құқықтарын қорғауда !

Жаңа модель – азаматтардың құқықтарын қорғауда !

2021 жылдын 1 қантар айынан бастап Қазақстан Республикасында полиция, прокуратура және сот органдарынын өкілеттіктерін  нақты бөлетін үш буынды қылмыстық процесс моделі енгізіледі, бұл модель барлық дамыған елдерде қолданады.

Енгізілген өзгерістердің негізгі міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және заңсыз шешімдерге уақтылы ден қою.

Прокурорлық қадағалау сотқа дейінгі тергеп тексеру процестің басынан бастан онын аяқталғанына дейін жүзеге асырылады. Сонымен қатар негізгі процессуалдық шешімдер, қылмыстық істің мерзімін үзу, сотқа дейінгі тергеп тексеруді тоқтату, адамды күдікті ретінде тану, күдіктінің әрекеттерің саралау туралы қаулылар сияқты  прокурорлармен уақтылы келісу беріліп бекітіледі.

Тергеушілердің және анықтыушылардың шешімдері тек прокурор мақұлдағаннан кейін заңды күшіне енеді.

Модельді енгізу кезең-кезеңімен жізеге асырылады, сондықтан прокурордың негізгі процессуалдық шешімдерге келесім беру және бекіту үш буынды модельдың тек бірінші кезең болып табылады.

Ағымды жылда Арқалық қаласынынң полиция басқармасының лауазымды тұлғаларымен қылмыстық істер бойынша 168 процессуалдық шешім қабылданды, ол шешімдер прокурлық «сүзгіден» өтті, сонымен бірге кемшіліктерге байланысты келісуден және бекітуден бас тартылған шешімдер да бар.

Оң нәтижесі қазірдің өзінде көрінеді, өйткені Арқалык қалалық сотына қөрсетілген шешімдермен келіспейтін шағымдар түскен жоқ.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға жол берілген жоқ.

 

Арқалық қаласының прокуратурасы