Көктемгі қауіпсіздік жіті назарда Арқалық қаласының әкімі Қайрат ӘБІШЕВ жеке үйлерде тұратын тұрғындардың көктемгі қауіпсіздігін бақылап шықты.

Көктемгі қауіпсіздік жіті назарда Арқалық қаласының әкімі Қайрат ӘБІШЕВ жеке үйлерде тұратын тұрғындардың көктемгі қауіпсіздігін бақылап шықты.

Арқалық қаласының әкімі Қайрат ӘБІШЕВ жеке үйлерде тұратын тұрғындардың көктемгі қауіпсіздігін бақылап шықты.

    Қар еріген тұста көбіне қолайсыздық тудыратын Северный кентінде ахуал тұрақты. Бүгінге текті қала бойынша 8.500 текше метр қар шығарылған болса, соның 6 000 текше метрі осы Северныйға тиесілі. Қала әкімі Северный, Дачныйдан бөлек, Новый поселкасының да жағдайын көрді. Мұнда бір емес, бірнеше жердің су ағар құбыры бітеліп қалғандықтан, қар суы үй аулаларына кіре бастаған. Осы жерлерге ТЖ бөлімі мен коммуналдық мекемелер жұмылдырылып, тұрғын үй жақ беттегі сулар сорылып, арнайы техникалардың көмегімен бітелген құбырлар тазартылды. Степная көшесіндегі қос құбыр тазартылып, су өз арнасымен ағып жатыр. Ал, бүгін дәл осындай жағдай орын алған Жангелдин (Новый поселкесі) көшесі бойындағы су құбыры тазартылуда.